Дүйсенбі, 03 қараша, 16:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

NVIDIA басшысы: АҚШ Қытайдың технологиялық қуатын жете бағаламады

03.11.2025

73 0

Фото: Justin Sullivan/ Getty Images

NVIDIA компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Дженсен Хуанг Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Қытайдың технологиялық даму мүмкіндіктерін елемей, стратегиялық қателік жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хуангтың айтуынша, АҚШ әкімшілігінің бұрынғы саясаты америкалық компанияларды Қытай нарығынан кетуге мәжбүрлеген. Бұл, өз кезегінде, Қытайдың ішкі технологиялық индустриясының жедел дамуына жол ашқан.

Біз Қытайдың отандық технология өндірісін жылдам дамыту қабілетін жете бағаламадық. Қазір олар миллиондаған AI-чиптер шығара алады. Әскерилері де енді америкалық технологияға сенбейді, – деді Хуанг.

NVIDIA басшысы сондай-ақ компанияның Қытай нарығына қайта оралуы екіталай екенін айтты. Оның пікірінше, ҚХР-дың технология саласындағы өз-өзіне сенімділігі АҚШ өнімдеріне деген тәуелділікті азайтқан.

Бұған дейін, 30 қазанда, Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Оңтүстік Кореяда келіссөздер өткізген болатын. Америкалық көшбасшы кездесуді «10 ұпайдың 12-сіне лайық» деп бағалағанымен, сарапшылардың айтуынша, Вашингтонның технология экспортына қатысты шектеу саясаты әзірге өзгермейді.

CNN мәліметінше, АҚШ билігі озық чиптер мен жасанды интеллект модельдерін тек одақтастарына экспорттауды жалғастырмақ. Бұл шешімге Қытай тарапы сынмен қараған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: