Дүйсенбі, 28 сәуiр, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30, 2142
26.04.2025
PDF мұрағаты

Оқушы қарумен өз мектебіне шабуыл жасады

28.04.2025

77 0

Фото: Видеодан кадр

Оңтүстік Кореяда оқушы қарумен мұғалім мен балаларға шабуыл жасап, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды.

Оқиға Сеулден оңтүстікке қарай 110 шақырым қашықтықта орналасқан Чхонджу қаласында орын алды. Қаруланған оқушы мұғалім мен бес оқушыға беті мен ішінен жарақат салған. Алайда зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, олардың ешқайсысының жағдайы ауыр емес.

Шабуыл жасаған оқушы оқиғадан кейін жақын маңдағы су қоймасына секірген, алайда құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оның шабуыл жасау себептері мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: