Осы аптада бүкіл Францияда фермерлер наразылыққа шықты. FNSEA және Jeunes Agriculteurs ұйымдарының шаруалары 350 трактормен Парижге кірді деп жазады Euronews, – деп хабарлайды kursiv.media
Тракторлар таңғы сағат 6-лар шамасында батыстан Парижге кіріп, полиция көліктерінің сүйемелдеуімен Фош авенюі арқылы Салтанат қақпасына бет алды. Содан кейін Элисей алаңы мен Георг-V авенюі арқылы өтіп, Альма көпірінен өтіп, Орсе жағалауындағы митингке барды. Тіпті жүк көліктері Францияның Ұлттық жиналысының алдына шамамен 30 тонна картоп төгіп тастады.
Бұл наразылық – ел үкіметінің саясатына қарсылық. Осыған дейін ЕО мен МЕРКОСУР (Аргентина, Бразилия, Уругвай және Парагвай) арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасалған еді. Оны одаққа мүше мемлекеттердің басым көпшілігі мақұлдаған. Бірақ Франция, Польша, Австрия, Венгрия және Ирландия шаруалары бұған қарсы болып отыр. Париж шаруалары Латын Америкасынан келетін арзан өнімдер ел нарығын жаулап алады деп қорқады.
Францияның Ауыл шаруашылығы министрі Анни Женевар фермерлердің ашуы «терең», ал талаптары «заңды» екенін мойындады. Олардың наразылығын үкіметте қарастыруға уәде берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
