Сенбі, 25 қазан, 23:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Париждегі қазақ жастары Республика күнін тойлады

25.10.2025

50 0

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Франциядағы елшілігінде Республика күні мен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай қазақстандық жастармен басқосу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы саяси ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, салтанатты іс-шараға Францияда оқитын студенттер мен жұмыс істейтін жас қазақстандықтар қатысты.

Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова өз сөзінде 35 жыл бұрын қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалағанын атап өтті. Сондай-ақ ол қол жеткізілген жетістіктер, жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, мемлекеттік институттарды жаңғырту мен Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру үдерістері туралы баяндады.

Жылы әрі ашық сұхбат форматында өткен кездесуде жастар өздерінің ел дамуына қосатын үлестері туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, маңызды тарихи кезеңдер мен оқиғаларды еске алды. Бағдарлама қазақтың ұлттық билері мен әндері орындалған мерекелік концертпен қорытындыланды. Қонақтар, сонымен қатар атаулы датаға арналған тақырыптық көрмені тамашалап, естелік сыйлықтарға ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: