Сейсенбі, 26 тамыз, 17:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64,2177
26.08.2025
PDF мұрағаты

Президент экобелсендіге көлік мінгізді

26.08.2025

49 0

Фото: Видеодан скриншот

Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл жағалауындағы қоқыстарды өз еркімен жинап танылған экобелсенді Андрей Панаевқа көлік тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғыз басшысы Андрейдің жағалаудағы қоқысты өз еркімен тазалап жүргенін интернеттен көріп, ризашылығын білдіруді жөн көріпті.

«Сіздің ісіңіз көпке үлгі. Экология мен табиғатта шекара жоқ. Бүкіл әлем бір ауамен тыныстайды. Сондықтан жер бетіндегі әрбір адам сіз сияқты әрекет етуі керек. Біз экологияны, табиғатты таза күйінде сақтап, келешек ұрпаққа аманаттауға міндеттіміз. Сіз жарадыңыз!» – деп атап өтті Садыр Жапаров.

Экобелсенді Қырғызстанға алғаш турист ретінде келгенін айтты. Ол 2024 жылы Ыстықкөлде демалып жүргенде жағалаудағы қоқыстарды өз бетінше тазалауға кіріскен, сол арқылы адамдарды табиғатты қорғауға шақырмақ болған. Кейін Андрей Панаев Қырғызстанды «өз үйім» деп атап, осы елде тұрақтап қалуды ұйғарғанын айтады. Ол да президенттің қоқыс жинап, көпке үлгі болып жүргенін бейнероликтерден көрген екен.

Белсендінің еңбегін бағалаған президент Садыр Жапаров Андрей Панаевқа Қырғызстанда құрастырылған автокөліктің кілтін табыс етті.

«Қырғызстан халқының атынан, еріктілер мен экобелсенділер атынан сізге сыйлық ретінде автокөлік табыстаймын», – деді Садыр Жапаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: