Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Пуласан» тайфуны Шығыс Қытайға жетті

20.09.2024

225 0

Фото: Tengrinews.kz

Биыл 14-ші рет cоққан «Пуласан» тайфуны Чжэцзян провинциясы мен Шанхай қаласының жағалауына жетті. Бұл туралы Шанхай метеорологиялық орталығының хабарламасында айтылған,- деп хабарлайды KAZINFORM.

Эпицентрінде күші секундына 23 метр болған тайфун бейсенбі күні кешкі сағат 21:45 шамасында Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясына жеткеннен кейін Шанхайдың Фэнсянь ауданында соқты.

20 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де Шанхайдың жағалау аудандарында 300 мм-ден астам жауын-шашын жауып, тарихи рекордты жаңартты.

«Пуласан» тайфуны – осы аптада Шығыс Қытайда соққан екінші тайфун. Дүйсенбіде «Бебинка» тайфуны Қытай мегаполисіне жетіп, 1949 жылы ҚХР құрылғаннан бері Шанхайда соққан ең күшті тайфун болды.

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының метеорологиялық орталығы ның болжамынша, «Пуласан» тайфунының қарқындылығы бірте-бірте әлсірейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: