Владимир Путиннің АҚШ президенті Джордж Бушпен 2001, 2005 және 2008 жылдары жүргізген келіссөздерінің үш стенограммасын жарияланды, – деп хабарлайды kursiv.media
ВВС ақпаратына қарағанда, онда Ресей президенті Ресейдің Украинаны, Қазақстанды және Кавказды әлдекімдерге беріп қойғанын айтқан.
«Тарихшы» Путин
Оны АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университеті жанындағы «Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты» атты үкіметтік емес ұйым өз сайтына шығарған. Құжаттарға қарағанда, Кремль басшысы Бушпен алғашқы кездесуі кезінде-ақ Ресейдің «мыңдаған шақырым жерді өз еркімен беріп қойғанын» айтып шағымданған. Сондай-ақ НАТО-ның кеңеюіне қарсы болған.
Стенограммаға сәйкес, екі көшбасшы да бір-біріне өте достық пейіл танытып, Ресей мен Батыс арасындағы жақсы қарым-қатынасты сақтауға ниетті екендерін көрсеткен.
Путин өз әрекеттерін негіздеу мақсатында тарих туралы кеңінен сөз қозғаған.
«Ресейліктер мыңдаған шаршы километр аумақты өз еркімен беріп қойды. Бұл ақылға сыймайтын жағдай! Ғасырлар бойы Ресейдің бір бөлігі болған Украинаны беріп қойды. Қазақстанды берді. Кавказды да берді. Мұны елестету қиын, әрі мұның бәрін партия басшылары жасады», – деген Путин Бушқа 2001 жылдың жазында.
Кремльдің ниеті
Әңгіме стенограммасына қарағанда, бұдан кейін Путин Украинаға қатысты ниетін емеурінмен жеткізеді. Оның айтуынша, бұл Украинаның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіруіне жол бермеу үшін қажет болған.
«Украинаның НАТО-ға мүшелігінің мәні неде? Бұл НАТО мен АҚШ-қа қандай пайда әкеледі? Мұның бір ғана себебі болуы мүмкін. Украинаның Батыс әлемінің бір бөлігі ретіндегі мәртебесін бекіту. Логикасы осындай болуы керек. Бірақ мен мұны дұрыс логика деп санамаймын», – депті Кремль қожайыны.
Мұның алдында Трамп соғысты тоқтату үшін арнайы елшісін Путинмен кездесуге жіберген болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
