Жұма, 23 мамыр, 21:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Қант диабетін емдеудің кілті табылды

23.05.2025

103 0

Фото: Pixabay. Com

АҚШ-тағы Вашингтон университетінің зерттеушілері 2-типті қант диабетінің себептері туралы бұрынғы ұғымдарды қайта қарауды ұсынды. Journal of Clinical Investigation журналында жарияланған жаңа зерттеуде қант деңгейін қалыпқа келтіру үшін инсулинге сезімталдықты немесе артық салмақты емес, ми нейрондарын бақылау маңыздырақ екені көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lenta.ru агенттігіне сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, зерттеу гипоталамустағы AgRP нейрондарының шамадан тыс белсенділігіне назар аударады. Бұл нейрондардың жоғары белсенділігі бұрын диабетпен ауыратын тышқандарда бірнеше рет байқалған. Ғалымдар арнайы вирустық геннің көмегімен бұл нейрондарды «сөндіріп», нәтижесінде салмақ пен тәбетті өзгертпей-ақ қандағы қант деңгейін тұрақты түрде қалыпқа келтіре алған.

Бұл жаңалық диабет семіздік пен инсулинге төзімділік салдарынан пайда болады деген дәстүрлі көзқарасты жоққа шығарады. Енді зерттеушілер мидың, нақты айтқанда AgRP нейрондарының, бұл дерттің дамуында әлдеқайда маңызды рөл атқаруы мүмкін деп санайды.

Зерттеушілер атап өткендей, қазіргі кезде диабетке қарсы қолданылып жүрген кейбір дәрілер, мысалы, Ozempic препараты, дәл осы нейрондарға әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл механизм әлі толық зерттелмеген. Ендігі мақсат – нейрондардың неліктен гиперактивті болатынын анықтап, оны бақылау мүмкіндігін зерттеу. Егер осы нейрондардың қызметін «тыныштандырудың» жолы табылса, 2-типті диабетті емдеуде төңкеріс болуы мүмкін.

Сонымен қатар, 2025 жылдың сәуірінде Сорбонна университетінің ғалымдары 100 мыңнан астам адам қатысқан зерттеу нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, жасанды тағамдық қоспаларды, әсіресе тәттілендіргіштер, бояғыштар мен эмульгаторларды жиі тұтыну – 2-типті диабеттің даму қаупін арттырады. Бұл қоспалар ультраөңделген тағамдарда кеңінен қолданылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: