Бейсенбі, 19 желтоқсан, 20:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Түркияға мектеп салып бермек

19.12.2024

64 0

Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Cенат отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мектеп салудан бөлек тағы да ресми көмек туралы жобалар қолға алынады.

Біздің сыртқы саяси концепциямыз бар, сонымен қатар Президенттің Жарлығымен бекітілетін дамуға ресми көмек көрсету мемлекеттік саясаттың басты бағыттары бар. Бұл екі құжаттың негізінде біз бірінші кезекте Орталық Азия, Ауғанстан және Африка елдеріне басымдық беріп отырмыз. Бұл құжаттан тыс Президенттің тапсырмасы бойынша басқа да дамуға ресми көмек туралы жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, 2022 жылы Түркияда болған жер сілкінісі болды. Саяси шешіміміздің негізінде біз Түркияның Газиантеп қаласында арнайы мектеп саламыз. Бұл 2024-2025 жылдардың дамуға ресми ең үлкен көмек жобасы болып саналады,- деді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: