Дүйсенбі, 23 маусым, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Қырғызстандықтар самокатқа қарсы қол жинап жатыр

23.06.2025

61 0

Фото: istockphoto.com

Бішкекте электр самокаттарды пайдалануға толықтай тыйым салуды талап еткен петиция жарық көрді. Оған 3708 адам қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

24 kg жазуынша, петиция ұйымдастырушы азамат өз анасының басынан өткен қиын жағдайды жазған. Айтуынша, әйелді қатты жылдамдықпен жүрген электр самокатшы қағып кеткен. Салдарынан оның бұғанасы сынып, миы шайқалған.

Петицияны ұйымдастырушы қала әкімдігіне, қалалық кеңестің депутаттарына, ІІМ-ге, Жол қауіпсіздігі басқармасына және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми түрде электр самокаттарды жалға беруді тыйым салуды сұрап, өтініш білдірді. Онда мынадай талаптар қойылған:

  • Бішкек аумағында электр самокаттарды жалға беруге және пайдалануға толықтай тыйым салу;
  • Жалға беру нүктелерін жою және самокаттарды көшелерден алып тастау;
  • Самокат жүргізушілері себеп болған зардап үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • Көшелердегі қауіпсіздік туралы кең ақпараттық науқан жүргізу.

Маусым айының басында «Бірінші радио» эфирінде соңғы бес айда қалада самокат пен скутер жүргізгендер 186 рет жол-көлік оқиғасын жасаған. Одан 6 адам қаза тауып, 207 адам жарақат алған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: