Қытай ұлттық суперкомпьютерлер желісін пайдалана отырып, күрделі ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті аса қуатты жасанды интеллект жүйесін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 желтоқсанда іске қосылған бұл жоба қазірдің өзінде елдегі мыңнан астам мекемеге қолжетімді. Жүйенің басты ерекшелігі – ол адамның тұрақты бақылауынсыз жұмыс істейді. ЖИ табиғи тілдегі командаларды тікелей түсініп, есептеу ресурстарын бөледі, симуляциялар жүргізеді, деректерді талдайды және дайын ғылыми есептерді дайындайды.
Жобаның техникалық мүмкіндіктері
Жүйе Қытайдың Ұлттық суперкомпьютерлік желісіне (SCNet) қосылған. Бұл инфрақұрылым бүкіл ел бойынша 30-дан астам суперкомпьютерлік орталықты біріктіреді.
Осының арқасында жоба келесі салаларда 100-ге жуық ғылыми жұмыс процесін қолдай алады:
- Материалтану;
- Биотехнология;
- Өнеркәсіптік жасанды интеллект.
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық бәсекелестік
Қытайлық ЖИ жүйесінің іске қосылуы АҚШ президенті Дональд Трамптың «Genesis миссиясын» (Mission Genesis) жариялағанына бір ай толғанда жүзеге асып отыр. Естеріңізге сала кетейік, «Genesis» – ғылымда жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған, маңызы жағынан «ЖИ-Манхэттен жобасымен» теңестірілетін ауқымды америкалық бастама.
Екі бағдарламаның басты айырмашылығы:
АҚШ: «Genesis миссиясы» алғашқы нәтижелерді көрсету үшін қатаң мерзімдер белгілеп, платформа құруды енді ғана жоспарлап отыр.
Қытайлық жүйе қазірдің өзінде іс жүзінде енгізіліп, пайдаланушыларға толық қолжетімді болып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
