Дүйсенбі, 29 қыркүйек, 10:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Қытай өнеркәсіптік роботтарды орнатуда әлемдік көшбасшы атанды

29.09.2025

63 0

Фото: pixabay

2024 жылы әлемде 542 мың жаңа өнеркәсіптік робот орнатылды. Оның 54%-ы (295 мың) Қытайға тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ Халықаралық робототехника федерациясына сілтеме жасап.

Ұйым деректеріне сәйкес, Қытай бұл көрсеткіш бойынша абсолютті көшбасшыға айналды. Сарапшылардың айтуынша, елде әлі де зор әлеует бар: 2028 жылға дейін жыл сайынғы өсім орта есеппен 10% деңгейінде сақталуы мүмкін.

2024 жылы өнеркәсіптік роботтардың жалпы саны 2015 жылмен салыстырғанда екі еседен астамға артқан. IFR мәліметінше, өткен жылы орнатылған роботтардың 74%-ы Азияға, 16%-ы Еуропаға, ал 9%-ы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі болды.

Робототехника индустриясы жаһандық макроэкономикалық жағдайлардан толықтай оқшау емес, бірақ ұзақ мерзімді өсу үрдісінің бәсеңдейтінін көрсететін ешқандай белгі жоқ, – делінген федерацияның есебінде.

Болжам бойынша, 2025 жылы орнатылатын роботтар саны 6%-ға артып, 575 мыңға, ал 2028 жылы 700 мыңнан асуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: