Қырғызстанда 2025 жылдың басынан бері қызылшаның асқынуынан тоғыз бала қайтыс болды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады, деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі.
Агенттік өкілдерінің айтуынша, науқастардың екпе статусы әртүрлі болған. Кейбір адамдар әлі вакцинация жасына толмаған, ал кейбіреулері вакцинаны бір рет қана алған.
Республикалық иммунопрофилактика орталығының мәліметінше, 2025 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша республикада қызылшамен ауырған 5168 жағдай тіркелді, оның жартысынан көбі Бішкекте.
Сарапшылар 4886 науқас (немесе 95 пайыз) екпе алмағанын, оның ішінде жасына (31 пайыз), екпеден бас тартуға (44 пайыз), көші-қонға (1 пайыз), медициналық жеңілдіктерге (9 пайыз) байланысты екпе алмағанын атап өтті. Қалған 9 пайыз жағдайда пациенттердің вакцинация статусы белгісіз. Олардың 282-сі (шамамен 5 пайыз) MMR вакцинасының бір немесе екі дозасын алған.
Республикалық иммунопрофилактика орталығы жаңартылған статистиканы кейінірек беруге уәде берді.
Ал, Қазақстанда қызылша ауруының таралуы азайған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!