Әскери шығындардан ұлғайып кеткен бюджет тапшылығын азайту үшін Ресей Үкіметі қосылған құн салығын (ҚҚС) көтеру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Bell басылымына сілтеме жасап.
Осы орайда ҚҚС мөлшерлемесін 20%-дан 22%-ға дейін өсіру жоспары бар, ал бұл өзгерістен әлеуметтік маңызы бар тауарлар ғана тыс қалмақ.
Қорытынды шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ The Bell сұхбаттасушылары салықты көтеруден басқа амал жоқ екенін айтады.
Тамыз айында Reuters агенттігі де Ресей Үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, салық өсімі «міндетті түрде болады» деп хабарлаған.
Біз шығындарды, тіпті қорғанысқа кететін шығындарды қысқартсақ та, бюджетті теңестіре алмаймыз. Мұнай-газ кірісі азайып жатыр, ал экономика оны толық өтей алмайды, – деп келтіреді дереккөз сөзін агенттік.
Сондай-ақ басқа нұсқалар да қаралып жатқаны, соның ішінде пайда салығын және ЖТС (жеке табыс салығын) көтеру де бар екені белгілі болды.
ҚҚС – негізінен тұтыну салығы. Оның мөлшерлемесін арттыра отырып, билік ең алдымен халықтың қалтасына қол салады, өйткені бизнес жаңа салық шығындарының басым бөлігін бағаға енгізіп, сатып алушыларға аударады. ҚҚС өсімі баға өсімінің баяулауын тоқтатуы мүмкін, ал оны тежеу үшін Орталық банк негізгі мөлшерлемені екі таңбалы деңгейде ұстап отыр, – деп түсіндіреді басылым.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!