Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресей жалпы аумақтың шамамен 19,25 %-ын басып алған. Алайда 2025 жылы майдан шебіндегі қиян-кескі шайқастарға қарамастан, басқыншы әскердің алға жылжу қарқыны Украина аумағының 1%-ына да жетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Usbanov Telegram-арнасының мәліметінше, DeepState аналитикалық жобасы соғыс картасына талдау жасап, жаулап алынған аумақтардың нақты көлемін есептеп шығарды.
Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдігі берілуі мүмкін?
Өткен жылы Ресей Украинаның 4 336 км² аумағын оккупациялаған. Бұл елдің жалпы аумағының шамамен 0,72%-ы.
2023 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта жаулап алынған жер көлемі – 7 463 км² (Украина территориясының 1,23%-ы).
Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро аударады
Соғыс басталғаннан бері Ресей толықтай бақылауына алған аумақ 116 165 км²-ге жетті. Бұл бүкіл Украинаның 19,25%-ына тең.
Еске салайық, Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеп, АҚШ-тан және еуропалық әріптестерден сайлауды өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұраған еді.
Сондай-ақ бұған дейін Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтқан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
