Сенбі, 06 қыркүйек, 03:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Сайлау алдында 16 кандидат қайтыс болды

06.09.2025

40 0

сурет: istockphoto.com

Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық аймағында сайлау алдындағы науқан тосын жайттарға толы болды. Bild басылымының хабарлауынша, 14 қыркүйекке белгіленген муниципалдық сайлаулар қарсаңында түрлі партиялардан кемінде 16 кандидат көз жұмған. Бұл туралы жергілікті сайлау комиссиясының төрайымы Моника Виссман мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін Welt газеті оңшыл «Германия үшін альтернатива» (АдГ) партиясынан жеті үміткердің қайтыс болғанын хабарлаған еді. Алайда кейіннен бұл тізім кеңейіп, қазір марқұмдар қатарында Германияның Социал-демократиялық партиясы (СДПГ), Еркін демократиялық партия (СвДП), «Жасылдар» және бірқатар шағын саяси қозғалыстардың өкілдері де бар екені белгілі болды.

Полиция алғашқы төрт өлім жағдайында қылмыстық немесе жасанды себептерді жоққа шығарды. Қалған жағдайлар бойынша да тексеріс жалғасуда, алайда әзірге өлімдердің өзара байланысы анықталмаған.

Осыған қарамастан, 14 қыркүйекке жоспарланған жергілікті сайлау тоқтатылмайды. Дегенмен, қысқа уақыт ішінде мұншама кандидаттың қаза табуы Германияда қызу талқылау туғызып, саяси процестің ұйымдастырылуына қатысты көптеген сұрақтар тудырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: