Жұма, 24 қаңтар, 19:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Сегіз жасар бала наггетс пен шұжық жеймін деп соқыр болып қалды

24.01.2025

82 0

Фото: freepik.com

Малайзияда 8 жасар ұл бала наггетстер, шұжықтар мен піспенан жеп жүріп соқыр болып қалған. Бұл туралы The Sun-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәрігер Эрна Надианың сөзінше, оқушы сабақ үстіне кенеттен көзі көрмей қалған. Бұл жайт осы айдың басында болған. Ол медииналық мекемеге жеткізіліп, барлық сараптаманы тапсырған.  Сараптама нәтижелері балада А дәрумені жетіспейтінін көрсеткен.

Мамандар баланың көру нерві атрофияланған кезде ауру дамыған деп есептейді. Әңгіме оптикалық нейропатия жайлы. Сондай-ақ дәрігерлер бұл дәруменнің өткір жетіспеушілігіне баланың ұзақ жылдар бойы тек шұжық, печенье және наггетстер жегені себеп болғанын атап өтті.

Дәрігер ата-аналарды балаларының тамағына жіті мән беруге шақырады. Маман көз саулығы үшін сәбіс, сиыр сүті, манго, өрік, балық, тауық, жұмыртқа мен тәтті картопты көбірек тұтынуға кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: