Жұма, 29 қараша, 13:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Сеулде 100 жылда алғаш рет қалың қар жауған

29.11.2024

67 0

Оңтүстік Кореяда 100 жылда алғаш рет толасыз қалың қар жауып, салдарынан кем дегенде 3 адам қаза тапты. Салдарынан түрлі апаттар орын алып, рейстер тоқтатылды. Бұл туралы  Gismeteo-ға  хабарлайды. 

Канвондо провинциясында 21,8 см жауған қардан жолда бес автомобильдің қатысуымен үлкен апат болды. Апат салдарынан 81 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алып, төртеуі жеңіл жарақат алды.

Кенгидодағы Янфен округінде гараждың құлауынан 78 жастағы ер адам қаза болды. Ол шатырдан қарды тазалап жүрген.

Кенгидодағы Хвасонда ауа-райының қолайсыздығынан 30 жастағы қозғалысты реттеп тұрған экспресс операторы автобус қағып кетті.

Кенгидодағы Намянжу туннелінің жанында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігінің қатысуымен апаттан екі жүргізуші жарақат алды.

Сеулдің солтүстігіндегі Сонбук ауданында жүздеген үй шаруашылықтары қуатсыз қалды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бүкіл ел бойынша 146 халықаралық рейс тоқтатылды.

Корея метеорологиялық басқармасының (KMA) мәліметтері бойынша, Сеул мен Канвондағы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қар жамылғысының биіктігі 24 см-ден асқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: