Сәрсенбі, 16 сәуiр, 16:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

«Синий кит» арнасының авторы 9 жылға сотталды

16.04.2025

107 0

Фото: Новосибирск сот басқармасы

Ресейде «Синий кит» арнасының авторы Илья Погибалов 9 жылға сотталды. Погибалов өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Погибаловқа өз-өзіне қол жұмсауға итермелеуге бағытталған әрекетті ұйымдастыру, интернеттегі топ арқылы кәмелетке толмағандарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу және кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тарту баптары бойынша айып тағылған. 

Тергеу нұсқасы бойынша, 2023 жылы Погибалов басқа адамдардың өліміне деген патологиялық қызығушылығының нәтижесінде «Синий кит» арнасын құрған. Ол арнасының жазылушыларын «өз-өзіне қол жұмсауға дайындау үшін арнайы тапсырмалар орындауға» итермелеген. Айыптауға сәйкес, Погибалов өз құрбандарын суицидке дейін жеткізуді мақсат еткен.

Погибалов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса төрт жыл бойы кез келген интернет-ресурсты басқаруына тыйым салынды.

«Синий кит» – жасөспірімдерге тапсырма беру арқылы өз-өзіне қол жұмсауға апаратын ойын. Бұл тапсырмалар жалған атпен тіркелген кураторлар арқылы берілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: