Сейсенбі, 19 тамыз, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Су тасқынынан 365-тен астам адам қаза тапты

19.08.2025

61 0

Үндістан мен Пәкістанда нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 365 адамға жетті. Оның кемінде 300-і Пәкістанда көз жұмған. Бірқатар елді мекенді су басқаннан кейін көптеген тұрғындар хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіdw.comпорталына сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтағы Гималай бөктерінде кенеттен болған су тасқыны мен жер көшкінінен құрбан болғандар саны 365-тен асып түсті. Жергілікті төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметінше, ең көп зардап шеккен өңір – Ауғанстанмен шектесетін Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Бунер округі. Онда құтқарушылар лай мен қираған үйлердің астынан адамдардың денесін шығарып, тірі қалғандарды іздеп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы мен апат болған аумақтың алыс орналасуы құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп отыр. Әскерилер де апат аймағында жұмыс істейді.

Бұған дейін провинция басшысы Али Амин Гандапур хабарлағандай, Мохманд округінде гуманитарлық көмек жеткізіп келе жатқан аймақтық үкіметтің Ми-17 тікұшағы құлаған. Экипаждың бес мүшесі, оның ішінде екі ұшқыш қаза тапты. Провинция билігі 16 тамызды аза тұту күні деп жариялады. Шығын көлемі әзірге есептелген жоқ.

Үндістан бақылауындағы Кашмир аймағында да құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік дерегінше, 65 адам қаза тауып, кемінде 200 адам жараланған, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр. Қиын таулы аймақта орналасқан Киштвар округінде әлі де құрбандар болуы мүмкін деп болжанып отыр. 33 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Бұл өңір индуистердің қажылық сапарындағы танымал бағыттардың бірі. 14 тамызда нөсерден кейінгі тасқын 100-ден астам қажы аялдаған дала асханасын толығымен шайып кеткен. Құрбандар Пәкістан бақылауындағы Кашмирде де, сондай-ақ Үндістан және Қытаймен шектесетін Гилгит-Балтистан аймағында да тіркелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: