Танымал өзбекстандық әнші Зебои Жахон (Зебинисо Носирова) күйеуінің қолынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі nemolchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Самарқанд облысына қарасты Тайлақ ауданында болған.
Тергеу мәліметіне сенсек, 33 жастағы әншінің күйеуі балаларын көру үшін үйіне келеді. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туындаған. 1992 жылы туған ер адам ашуға булығып, әйелін тұншықтырып өлтірген. Марқұмның артында 3 баласы қалды.
Өнер иесінің інісі кінәлі адамның жазасын қалмауын талап етті.
“Әпкем мұндай өлімге лайық емес еді. Қанды оқиға күні мен жұмыста болдым. Жедел жәрдем қызметкерімін. ” Шамамен сағат 16:00 шамасында әйелім маған қоңырау шалып, әпкемнің қаза тапқанын айтты. Анама қоңырау шалғанда оны күйеуі өлтіргенін білдім», – деді інісі қайғыдан қан жұтып.
Ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 97-бабының 1-бөлігі «қасақана кісі өлтіру» бойынша іс қозғалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!