Сейсенбі, 08 шiлде, 13:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

Техастағы су тасқыны. 24 адам қаза тапты, 20-дан астам бала із-түзсіз жоғалды

06.07.2025

27 0

АҚШ-тың Техас штатындағы Керр округінде болған жойқын су тасқынынан 24 адам қаза тапты. Сондай-ақ,  20-дан астам бала жоғалып кетті. Олар Camp Mystic жазғы лагерінде демалып жатқан, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оқиға салдарынан Техастың бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды. Көптеген жолдар қирап, байланыс жүйелері істен шыққан. Құтқару қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 237 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған.

Құтқарушылар жоғалған балаларды іздеуді жалғастырып жатыр. Іздеу жұмыстарына тікұшақтар, дрондар және қайықтар тартылған. Билік барлық жоғалған адам табылғанша жұмыс тоқтамайтынын мәлімдеді.

Гуадалупе өзенінің деңгейі небәрі 45 минут ішінде 8 метрге көтерілген. Көп мөлшерде жауған жаңбыр өзен маңындағы жылжымалы үйлерді, көліктерді және демалыс үйлерін шайып кеткен.

Губернатор Грег Эбботт төтенше жағдай туралы жарлыққа қол қойып, барлық ресурстарды құтқарушылардың иелігіне берді. Штат бойынша 4 шілдеге жоспарланған Тәуелсіздік күніне арналған барлық шаралар тоқтатылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаны «шок туғызатын және қорқынышты» деп бағалап, Ақ үй Техасқа қосымша көмек көрсететінін мәлімдеді.

Керр округінің шенеунігі Роб Келлидің айтуынша, бұл аймақта су тасқынына ескерту жүйесі жоқ болғандықтан, тұрғындар алдын ала эвакуацияланбаған. Ол бұл тасқын 1987 жылы болған су апатынан да асып түскенін айтты. Сол жылы шіркеу лагеріндегі автобус ішінде 10 жасөспірім қаза тапқан еді.

Метеорологтардың алдын ала болжамына сәйкес, бұл жолы 20 см жауын-шашын күтілген, бірақ жауын мөлшері әлдеқайда көп болған. Жергілікті билік тұрғындарды өзен мен су қоймалары маңынан биік аймақтарға көшуге шақыруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: