Дүйсенбі, 08 қыркүйек, 02:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Тікұшақ құлап, борттағы барлық адам қаза тапты

07.09.2025

49 0

Фото: depositphotos.com

Миннесота штатының Твин-Сити әуежайы маңында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адам қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұл ақпаратты Лейквилл қаласының полициясы растаған.

Құқық қорғаушылар құлаған тікұшақтың Robinson R66 маркалы екенін анықтаған. Ол Эйрлейк әуежайының батыс жағында құлаған.

Құтқару қызметі апаттан тірі қалғандар жоғын мәлімдеді. Әзірге бортта болған адамдардың нақты саны белгісіз.

Robinson R66 – бір пилот пен төрт жолаушыға арналған бірмоторлы турбиналық тікұшақ.

Апат болған аумақ – елді мекеннен алыс, жерде ешкім зардап шеккен жоқ.

АҚШ Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі тікұшақ белгісіз себеппен құлап, өртеніп кеткенін айтты. Кеңес өкілі жексенбіде апат орнына барып, оқиғаны тіркеп, әуе кемесін тексереді. Кейін тікұшақ әрі қарай сараптама жүргізу үшін күзетілетін аймаққа жеткізіледі.

АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігі де оқиғадан хабардар болып, мамандарын жолдаған. Тергеу екі ведомствоның бірлесуімен жүргізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: