Бейсенбі, 17 шiлде, 17:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Трамп 150-ден астам елге 10–15% баж салығын салмақ

17.07.2025

74 0

АҚШ президенті Дональд Трамп 150-ден астам елге 10-нан 15 пайызға дейінгі баж салығын салатыны туралы хат жолдағалы отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі MSN-ге сілтеме жасап.

Алайда ставкаға қатысты нақты шешім әлі қабылданбады.

Біз 150-ден астам елге төлем туралы хабар бермекпіз. Ол хабарда тариф мөлшері көрсетіледі, – деді Дональд Трамп.

Осыған дейін Трамп Бразиялияға 50%, Вьетнамға 19%, Канадаға 25%, ал Еуропалық Одаққа 30 пайыздық тариф, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдер мен көлік импортына баж салығын енгізетіні туралы хабарлаған болатын. Соңғы мәлімдеме осы хабар аясында жасалды.

Сондай-ақ осы ақпаратта Трамптың 2 сәуірде енгізіп, кейінге қалдырылған ауқымды тарифтері күшіне енетін мерзім – 1 тамыздың жақындап қалғаны айтылған.

Осыған байланысты көптеген елдер АҚШ-пен сауда келісімен жасап қалуға асығып жатыр.

Осыған дейін ЕО мен АҚШ сауда келісімі бойынша жұмысын жеделдететіні хабарланды.

Ал Вьетнам АҚШ-пен сауда келісіміне қол қойды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: