Топ-баннер2

Сәрсенбі, 11 наурыз, 13:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Трамп АҚШ-та соңғы 50 жылдағы алғашқы мұнай өңдеу зауыты салынатынын жариялады

11.03.2026

43 0

Фото: Report

АҚШ-та 50 жылдан кейін алғашқы мұнай өңдеу зауыты салынады. Жобаны Техас штатының Браунсвилл қаласындағы America First Refining компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Инвестиция шамамен 300 миллиард долларға бағаланды. Жобаға үндістандық серіктестер, соның ішінде ең ірі жеке энергетикалық компания Reliance қатысады. Жаңа мұнай өңдеу зауыты АҚШ нарығын қамтамасыз етуге және мұнай өнімдерін экспорттауға бағытталуы тиіс.

-Америка шынайы энергетикалық үстемдікке оралып келеді, – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Зауыттың іске қосылуы АҚШ-та энергия өндірісін арттырады, мыңдаған жұмыс орнын ашады және Оңтүстік Техас аймағына айтарлықтай экономикалық пайда әкелуі тиіс.

-Браунсвилл портындағы жаңа мұнай өңдеу зауыты АҚШ нарықтарын қамтамасыз етеді, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтады, америкалық энергия өндірісін арттырады, миллиардтаған доллар экономикалық пайда әкеледі және әлемдегі ең таза мұнай өңдеу зауытына айналады, – деді Трамп.

Естеріңізге сала кетейік, мұнай бағасы G7 елдерінің (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ-тан тұратын халықаралық клуб) мұнай қорларын босатуға дайын болуына байланысты төмендеп жатыр.

Бұған дейін Сауд Арабиясының ең ірі мұнай өңдеу зауытындағы жұмыс дрон шабуылына байланысты тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар Кувейт Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты мұнай өндірісін қысқартты.

Бахрейннің мемлекеттік мұнай-газ компаниясы Bapco Energies 9 наурызда аймақтағы жағдайға байланысты форс-мажор жариялады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: