Жексенбі, 23 қараша, 22:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Трамп АҚШ-тың Украина жоспарын өзгертті

23.11.2025

42 0

Фото: Anadolu Agency

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон ұсынған Украина бойынша жоспарды түпкілікті шешім емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақ үйден шығып бара жатып, америкалық көшбасшы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты жағдай және оны реттеуге бағытталған АҚШ бастамалары жөнінде журналистерге қысқаша пікір білдірді.

Одан 28 тармақтан тұратын бұл жоспар «соңғы ұсыныс» болып санала ма деген сұраққа Трамп «жоқ» деп қысқа жауап берді. Сонымен бірге ол басты мақсат — соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату екенін атап өтті.

Бізге бейбітшілік керек. Бұл баяғыда шешілуі тиіс еді. Қалай болғанда да, бұл соғысты тоқтату қажет, — деді АҚШ президенті.

Бұған дейін америкалық БАҚ жексенбі күні Женевада АҚШ өкілдері Украина мен Еуроодақ елдерінің делегацияларымен жоспардың егжей-тегжейін талқылау үшін консультациялар өткізетінін хабарлаған. Киев ресми түрде Швейцария аумағында америкалық бейбіт жоспарды талқылау жоспарланғанын растады.

Трамптың «бейбітшілік жоспары»

Дональд Трамп әкімшілігі әзірлеген 28 тармақтан тұратын құжат Украина жағына берілген.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу ұсынылған жоспарды мұқият қарастыруға дайын екенін, оның «соғысты түбегейлі реттеуге негіз бола алатынын» атап өтті.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың «соғысты аяқтауға мүмкіндік беретін бейбіт жоспар» әзірлеп жатқанын растады және Киев «ешқашан ұлттық мүддеден бас тартпайтынын» жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: