АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, егер жақын арада бейбітшілікке қол жеткізілмесе, елді бұдан да ауыр зардаптар күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілші Alash.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл осылай жалғаса алмайды. Екі жол бар: не бейбітшілік орнайды, не Иран сегіз күнде бастан өткергенінен де ауыр трагедияға тап болады. Біз көздеген басқа да көптеген нысаналар бар екенін ұмытпаңыздар. Бүгінгі соққы – ең күрделі және, мүмкін, ең қауіпті нысана болды. Бірақ қажет болса, біз қалғандарын да дәлдікпен, шеберлікпен және өте жылдам жоя аламыз. Олардың көпшілігін санаулы минут ішінде-ақ жермен-жексен етуге дайынбыз», – деді Трамп өз мәлімдемесінде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!