Сейсенбі, 27 қаңтар, 12:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Трамп Оңтүстік Кореядан келетін тауарларға салықты 25%-ға дейін көтермек

27.01.2026

51 0

Фото: REUTERS/Kevin Lamarque

Дональд Трамп Оңтүстік Кореядан келетін тауарларға салынатын баж салығын 15%-дан 25%-ға дейін көтермекші. Ол Сеул үкіметі сауда келісімі шарттарын «орындамауы» себеп болғанын айтты. Бұл туралы ол Truth Social желісінде хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Корея парламенті біздің тарихи сауда келісімімізді қабылдамағандықтан (бұл олардың құзыреті болса да), Оңтүстік Кореядан келетін автомобильдерге, орман материалдарына, фармацевтикалық өнімдерге және барлық басқа да өзара тауарларға салынатын тарифтерді 15%-дан 25%-ға дейін көтеремін», — деп жазды Трамп.

Бірақ бұл өзгерістің нақты қашан күшіне енетіндігі белгісіз.

Сауда министрлігінің мәліметінше, Оңтүстік Корея – АҚШ-қа импорттық тауарлар жеткізетін басты елдердің бірі. 2024 жылы бұл ел АҚШ-қа 132 млрд доллардың тауарын жөнелткен. Негізгі экспорттық тауарларға автомобильдер мен автобөлшектер, сондай-ақ жартылай өткізгіштер мен электроника жатады. Енді баж салығының өсуіне байланысты бұл өнімдердің қымбаттау қаупі бар.

Шілде айында Трамп Оңтүстік Кореямен сауда келісімі туралы жариялаған еді. Ол шарт бойынша баж салығы 15% күйінде қалуы керек еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: