Америка мен ресейлік шенеуніктер Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерді бастау үшін Сауд Арабиясында кездеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Майкл Маккол Сауд Арабиясында өтетін келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф барады. Бірақ олардың қай ресейлік шенеунікпен кездесетінін әзірге белгісіз.
Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Маккол келіссөздердің мақсаты АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің «бейбітшілікке қол жеткізу және осы қақтығысты тоқтату» үшін кездесуін ұйымдастыру екенін атап өтті.
12 ақпан күні Трамп Путинмен сөйлесіп, келіссөз жүргізу туралы айтқан еді. Оның бұл әрекеті Вашингтонды алаңдатып қойды. Өйткені Вашингтон бұл әңгімеден кейін Еуропа келіссөзге қатысудан шеттетіліп қалады деп қорықты. Сөйтіп бұл қорқынышы расталды.
Сенбі күні Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Вашингтон Киевке қандай қауіпсіздік шараларын ұсына алатыны туралы сауалнама жолдаған соң, Еуропа келіссөздерге қатыспайтынын айтты.
Владимир Зеленский жұма күні Біріккен Араб Әмірлігіне, Сауд Арабиясы және Түркияға баратынын мәлімдеді. Бірақ қашан баратынын нақтыламады. Дегенмен, Украина басшысы бұл сапар барысында АҚШ немесе Ресей өкілдерімен кездесу жоспарда жоғын атап өтті.
Бұл ретте Германияда АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнспен кездескен Украина президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясындағы келіссөздерге шақырылмағанын және Киев стратегиялық серіктестермен жағдайды талқыламайынша, Ресеймен келіссөз жүргізбейтінін айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!