АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге тек көңілі қалғанын ғана емес, сонымен қатар оған сенбейтінін де мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үй басшысы BBC-ге берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды “Адырна”.
Трамптан Путинге сенесіз бе деп сұрағанда, ол: «Мен ешкімге сенбеймін», – деп жауап берді.
Ол сондай-ақ Владимир Путингекөңілі қалғанын және Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешудің кем дегенде төрт рет мүмкіндігі болғанын, бірақ бұл мүмкіндіктер жіберіп алынғанын айтты.
«Менің оған көңілім қалған, бірақ онымен байланысты толық үзбедім», – деді Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ Украинадағы қантөгісті мүмкіндігінше тез тоқтату бағытында жұмыс істеуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!