АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап Қытайдан әкелінетін тауарларға 100%-дық баж салығын енгізетінін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Трамп Truth Social желісінде жазды.
АҚШ 1 қарашадан бастап Қытайдан келетін тауарларға “қазір төленіп отырған кез келген баж салығының үстінен” тағы 100%-дық экспорттық тариф енгізеді. Сондай-ақ стратегиялық маңызы бар ақпараттық технологияларға экспорттық бақылау қойылады.
“Жаңа ғана Қытайдың сауда саясатынында өте агрессивті ұстанымға бет бұрғаны белгілі болды. Қытай әлем елдеріне 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап өзінде өндірілетін тауарлардың басым бөлігіне, тіпті кейбір өзі өндірімейтін өнімдерге де ауқымды экспорттық бақылау енгізетінін хабарлаған хат жолдады”, – деп жазды Трамп желісінде парақшасында.
Трамптың айтуынша, Қытайдың бұл шешімі барлық елдерге бірдей қолданылады. Трамп Қытай билігін “көп жыл бұрын дайындаған жоспардың бір бөлігі” деп айыптап, “халықаралық саудада бұрын-соңды болмаған жағдай” деп атады.
“Қытай осындай бұрын-соңды болмаған ұстаным танытқанына байланысты дәл осындай қауіп төнген өзге елдердің емес, тек АҚШ-тың атынан мәлімдеймін: 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап (немесе Қытайдың алдағы қадамдарына қарай бұрынырақ та болуы мүмкін) Америка Құрама Штаттары Қытайға қазіргі қолданыстағы кез келген баж салығына қосымша 100 пайыздық тариф енгізеді”, – деп жазды Трамп.
АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі Қытай билігі ел амағынан сирек кездесетін металдардың экспортына жаңа бақылау енгізгеннен кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!