АҚШ-та президент Дональд Трамптың резиденциясы маңында атыс болды. Бұл туралы Stan.kz агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Ақ үйге жақын жерде белгісіз адам оқ атқан. АҚШ құпия қызметінің офицерлері шабуылдаушыны жаралап, қарсы оқ атуға мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Индиана штатынан Вашингтонға келген.
Оқиға кезінде Дональд Трамп Флоридада болған, сондықтан оған ешқандай қауіп төнген жоқ. Шабуылдаушыдан басқа ешкім зардап шекпегені хабарланды.
Полицияның дерегінше, оқиға алдында суицидке бейім адам туралы қоңырау түскен. Көп ұзамай құқық қорғау органдары Ақ үй маңындағы көліктен сипаттамаға сәйкес келетін ер адамды тапқан.
«Офицерлер оған жақындаған кезде, ол қаруын шығарып, атыс басталды», – деп мәлімдеді АҚШ-тың құпия қызметі.
Жараланған ер адам ауруханаға жеткізілді, бірақ оның қазіргі жағдайы белгісіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!