АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы апталарда Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяда кездесуге ниетті. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трамптың айтуынша, ол Оңтүстік Кореяда Қытай президентімен кездеседі.
Төраға Симен жақсы қарым-қатынастамын. Өздеріңіз білетіндей, мен онымен бірнеше аптадан кейін кездесетін боламын. Мен онымен Оңтүстік Кореяда кездесемін. Бірақ біз ұзақ уақыт бойы өте жақсы қарым-қатынаста болдық, – деді Трамп.
Трамп Қытай басшысымен алдағы кездесуді 1 қазанда өзінің Truth Social арнасында жариялады. Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында ол Қытайды америкалық ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға міндеттейтін АҚШ пен Қытай арасында бұрын жасалған келісім мәселесін көтеруді жоспарлап отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!