Сәрсенбі, 17 қыркүйек, 12:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Трамп The New York Times журналистерін сотқа берді

17.09.2025

43 0

Фото: El.kz/ Ербол Бекболат/ Midjourney

АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times газетін жала жапты деп айыптап, Флоридадағы федералды сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Ол талап етіп отырған өтемақы мөлшері – 15 миллиард доллар (шамамен 6,8 трлн теңге).

Трамптың заңгерлері сот құжаттарында газетті «оның беделін түсіретін жалған әрі жалаға толы ақпарат таратты» деп айыптап, сондай-ақ басылым өткен жылғы президенттік сайлау кезінде Демократиялық партияның кандидаты Камала Харриске ашық қолдау көрсеткенін мәлімдеді. Адвокаттардың сөзінше, The New York Times «Демократиялық партияның үгіт-насихат құралына» айналып, «Трампқа қарсы жаланың басты таратушысы болған».

Газет бір кездері ұстанған адалдық, әділдік пен нақтылық сияқты журналистік құндылықтардан бас тартты, – делінген арызда.

Бұл Трамптың БАҚ өкілдерін сотқа беріп отырған алғашқы жағдайы емес. 2024 жылы ABC News телеарнасы Трамптың президенттік кітапханасы мен мұражайына жала жабу ісін реттеу үшін 15 миллион доллар (шамамен 6,8 млрд теңге) төлеуге келіскен. Бұған қоса, компания оның адвокаттарының 1 миллион долларлық (шамамен 456 млн теңге) гонорарын өтеп берген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: