АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, елден тысқары жерге әкетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп бұл ақпаратты Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
“Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның көшбасшысы президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Ол жұбайымен бірге ұсталып, ел аумағынан тысқары жерге әкетілді. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылды. Толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады. Баспасөз мәслихаты бүгін жергілікті уақытпен сағат 11:00-де Мар-а-Лаго резиденциясында өтеді”, – деп жазды Трамп.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
