Украин президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Құрама Штаттар Украина мен Ресей арасындағы соғыстың жазға дейін аяқталғанын қалайды. Дегенмен бейбіт бітімді көздейтін қанша кездесу өтсе де, жер және қауіпсіздікке кепілдік мәселелері әлі шешілген жоқ, – деп хабарлайды kursiv.media
Зеленский АҚШ-тың қатысуымен өтіп жатқан келіссөздер барысы туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, белгіленген мерзімге дейін соғыс аяқталмаса, президент Дональд Трамп әкімшілігі қос тарапқа да қысым жасауы мүмкін.
«Олар осының бәрін маусым айына дейін аяқтағысы келетінін ескертті. Америкалықтар соғысты аяқтау үшін бар күшін салады. Оларға нақты кесте қажет», – дейді Зеленский.
Оның пікірінше, бейбіт келіссөздерді түйіндейтін меже белгілеу аза маңызды. Бұған қоса, Зеленскийдің айтуынша, Вашингтон Украина мен Ресей делегацияларының кездесуін бір аптадан соң АҚШ-та өткізуді ұсынған. Украин жағы келісім берген. Жүздесу Майамиде өтуі мүмкін, деп хабарлады CNN.
Кремль Киевтің Донбасс аумағынан бас тартқанын қалайды, алайда ол өңірдің төрттен бірін украин жауынгерлерінің бақылауында. Украина жер бергісі жоқ.
«Біз ұстанымымызды өзгертпейміз», – дейді Зеленский.
Украина мен Ресей арасындағы соғыс 2022 жылғы 24 ақпанда басталды. Шамамен екі аптадан соң мыңдаған адамның өмірін қиған қанды қырғынға төрт жыл толады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
