Сейсенбі, 25 қараша, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Трамп Украинадағы қақтығысты тікелей қаржыландыруды тоқтатты – Ақ үй

25.11.2025

45 0

Фото: AP Photo/ Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен Вашингтон Украинадағы қақтығысты тікелей қаржыландыруды тоқтатты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Оның айтуынша, АҚШ қазір де НАТО одақтастарына қару-жарақ сатуды жалғастырып отыр, алайда бұл саясат ұзақ мерзімді бола алмайды.

Президент Трамп бұл соғысты қаржыландыруды тоқтатты. Біз НАТО-ға қару-жарақ сатуды жалғастырып келеміз, бірақ мұны мәңгі жасай алмаймыз. Президент соғыстың тезірек аяқталғанын қалайды, – деді Ливитт.

Сонымен қатар ол Трамп әкімшілігінің ұлттық қауіпсіздік тобы мен Украина делегациясы арасында Женевада өткен келіссөздердің «өте нәтижелі» болғанын атап өтті. Ливиттің сөзінше, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы елші Стив Уиткофф бастаған топтар 28 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын мұқият қайта қарап, «екі даулы мәселе ғана» қалған.

Президент мәмілеге қол жеткізу мүмкіндігіне оптимизммен қарайды, – деді Ақ үй өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: