Бейсенбі, 31 шiлде, 04:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы көтерілді

30.07.2025

164 0

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы көтерілді, Brent маркалы мұнай құны барреліне 70 доллардан асты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны Астана уақытымен сағат 08:30-дағы жағдай бойынша барреліне 2,39 пайызға өсіп, 70,08 долларға жетті.

WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 2,50 пайызға көтеріліп, барреліне 66,79 долларға жетті.

Айта кетейік, бұған Дональд Трамптың Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізу мерзімін қысқарту туралы мәлімдемесі де әсер етіп отыр. Бұрын уәде етілген 50 күннің орнына ол Мәскеуге тек 10-12 күн беріп, Ресей мұнайына 100 пайыз баж салығы мен қосымша санкциялар салатынын айтып қорқытты.

Қазақстанға әсері

Мұнай экспорттаушы ретінде Қазақстанға әлемдік бағаның өсуі оң сигнал саналады. Қара алтынның қымбаттауы бюджетке түсетін кірісті арттырады, сауда балансын жақсартады және ұлттық валютаны нығайтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: