Сәрсенбі, 23 сәуiр, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Түркия астанасында қуатты жер сілкінісі тіркелді

23.04.2025

92 0

Фото: zamin.uz

Түркияның ең ірі қаласы Ыстамбұлда магнитудасы 6,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркияның төтенше жағдайдар министрлігі 16 миллионнан астам тұрғыны бар мегаполисте соңғы жылдары болған ең күшті жер сілкіністерінің бірі екенін атап өтті. Әзірге қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда кейбір аудандарда тұрғындар ғимараттардан эвакуацияланған.

TGRT телеарнасының хабарлауынша, Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара кезінде бір адам балконнан секіріп, жарақат алған.

Ал америкалық геологиялық қызметі зілзаланың 10 шақырымнан аз тереңдікте орналасқанын айтады. Ал эпицентрі Ыстамбұлдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 40 шақырым жерде, Мәрмәр теңізінде болған.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая Xәлеуметтік желісіндегі парақшасында жер сілкінісі көршілес провинцияларда да сезілгенін жазып, жараланғандарға тез сауығып кетуін тіледі. Бірақ зардап шеккендердің нақты саны туралы айтқан жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: