Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ұлы Билалды мұрагері ретінде дайындап жатыр. Бұл жайлы басқарушы партия ішіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg жазады, – деп хабарлайды kursiv.media
Агенттік дерегінше, Ердоған ұлы соңғы кездері көпшілік алдына жиі шығып жүр. Мемлекеттік БАҚ оны сюжеттерде жиі көрсетеді, ал президент баласын шетелдік сапарларға да көбірек алып шығатын болған. Тіпті партия мен үкімет ішіндегі кадрлық шешімдерге араласып, саяси көшбасшы болуға дайындалып жатыр.
«Әділет және даму партиясының» ішінде де билікті тапсыру мәселесі жиі айтыла бастаған көрінеді. Қазір Билал Ердоғанды саясатқа біртіндеп тарту нұсқасы қарастырылып жатыр. Болашақта оны партиядағы басшылық қызметтерге, тіпті партия жетекшілігіне ұсыну мүмкіндігі де талқыланған.
Елдегі келесі президент сайлауы 2028 жылы өтуі керек. Ердоған дайындықты қазірден бастап жатқан сыңайлы. АҚШ президенті Дональд Трамп, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхамеед бин Салманмен байланысын күшейтіп жатыр.
Сарапшылар сөзінше, Ердоған үшін елдегі инфляция, зейнеткерлердің өмір сапасының күрт төмендеп кетуі деген факторлар сайлауда кедергі болуы мүмкін. Қазірдің өзінде инфляция 30%-дан жоғары болып тұр.
Күрдтермен бейбіт келісімнің тағдыры да белгісіз. Егер сәтті аяқталса, Ердоған үшін ірі саяси жеңіс болады.
Былтыр Украинадағы қақтығыста арағайын болуға да ниеттенген. Екі тарапты кездесуге Түркияға шақырып, соғыс бітсе «бейбітшілік дастарханын» жаюға уәде берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
