Түркия әлемде алғаш болып ғарышта гибридті күш қондырғысын іске асыруға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ
Компания дерегінше, Fergani Uzay өз қаражаты есебінен жасаған FGN-TUG-S01 орбиталық буксирі 6 желтоқсанда негізгі гибридті қозғалтқышты іске қосу арқылы маңызды маневрді сәтті орындаған. Операция 35 секундқа созылып, толықтай жоспар бойынша өткен.
Компания өкілдері гибридті қозғалтқышты ғарышта іске қосу тек Түркия үшін ғана емес, бүкіл әлемдік ғарыш саласы үшін үлкен серпіліс екенін атап өтті.
Сәтті сынақтан кейін буксир миссияның екінші маңызды кезеңіне – CubeSat шағын спутнигін ажыратуға көшті. Бұл процесс те ешқандай ескертусіз, мінсіз орындалған.
Fergani Uzay миссияның нәтижесі компания жоспарлап отырған «Улугбек» ғаламдық позициялау жүйесін құруға қажетті технологиялық негіз қалыптастыратынын айтты. Бұл инфрақұрылым болашақта спутниктер топтамасын әртүрлі орбиталарға өз күштерімен шығару мүмкіндігін береді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
