3 маусым таңға жуық Эгей теңізінде магнитудасы 5,8-ге тең жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркия ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде, Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 км қашықта болған. Жерасты дүмпуінің ошағы 67,91 км тереңдікте орналасқан.
Мугла губернаторы Ыдырыс Акбыйык жер сілкінісінен үрейленген адамдар биіктен секіріп кеткен. Оның айтуынша, табиғи апат салдарынан Мармаристегі екі ғимараттың қабырғасында жарықтар пайда болған.
Елдің ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша, үрейден бір қыз қаза тапқан, 69 адам түрлі жарақат алған. Қазір 46 адам ауруханада жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!