Сәрсенбі, 12 қараша, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Түркияда ұлттық валюта күніне арналған қазақ монеталары көрмесі өтті

12.11.2025

48 0

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Түркия астанасында 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай Қазақстанның естелік және айналымдағы монеталарына арналған көрме өтті. Бұл – Түркияда алғаш рет ұйымдастырылған қазақ ақшалары көрмесі, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Көк-Ту қазақ мәдениеті ұйымы мен Қазақстан Елшілігі бірлесіп өткізді. Көрмеге Түркия монета сарайының бөлім басшысы Яшар Чукур, Әділет және даму партиясының өкілі Джемиле Кынаджы Баран, түрік коллекционерлері, қазақ диаспорасының мүшелері мен студенттер қатысты.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан мен Түркияның ақша жасау технологиялары мен дизайндық шешімдері ұқсас.

Сіздерде діни бейнелер, мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар бейнеленген. Бізде де солай. Монета басу тәсілдері бірдей, айырмашылық тек ою-өрнекте, — деді Яшар Чукур.

Ал Джемиле Кынаджы Баран түркі халықтарының ортақ тарихына тоқталып, «теңге» атауы көне түркілердің «денге» немесе «танга» күміс ақшаларынан шыққанын атап өтті.

Көрме барысында қонақтар студенттердің орындауындағы қазақтың ұлттық күйлерін тыңдап, дәстүрлі қазақ дастарханынан дәм татты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: