Жексенбі, 11 мамыр, 02:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34,2147
10.05.2025
PDF мұрағаты

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтататын болды

10.05.2025

11 0

Фото: El.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысты тоқтатуға тікелей ықпал еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, түнгі келіссөздер нәтижесінде екі ел толық әрі дереу атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Мен Үндістан мен Пәкістанды ақыл-парасаттылық танытып, келісімге келгендері үшін құттықтаймын, – деді Трамп өз мәлімдемесінде.

Пәкістанның вице-премьері Мұхаммад Исхақ Дар атысты тоқтату туралы ақпаратты растады. Бұл туралы BBC хабарлады.

Пәкістан аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнауын әрдайым жақтайды. Алайда бұл ұстаным елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндірмеуі тиіс, – деді Дар.

Бұл келісім екі ел арасындағы әскери шиеленістің шарықтау шегінде жасалды. Бұған дейін Пәкістан Үндістан әуе күштерін Исламабад маңындағы «Нур Хан» стратегиялық авиабазасына зымыран соққылары жасады деп айыптап, кең ауқымды әскери операция бастаған болатын.

Жауап ретінде Исламабад Үндістанның әскери нысандарына, оның ішінде Пенджабтағы С-400 әуе қорғаныс жүйесіне қарсы шабуыл жасағанын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: