Дүйсенбі, 16 ақпан, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Ұлыбритания жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге шектеу қоюы мүмкін

16.02.2026

53 0

фото: shutterstock

Ұлыбритания осы жылы жасөспірімдерге әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы үкіметтегі дереккөздеріне сілтеме жасаған The Times жазады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Басылым дерегінше, қазір мәселеге қатысты мамандар консультация беріп жатыр, егер бәрі сәтті аяқталса осы жылы жазда жаңа заң күшіне енуі мүмкін. Құжатта 16 жастан кіші жасөспірімдерге мессенджерлер қолдануға тыйым салуды, мобильді телефон үшін «комендант сағатын» енгізуді ұсынып отыр.

Министрлер балалардың чат-боттармен өзара әрекеттесуін шектеу және порнографиялық материалдарды көруге пайдаланатын VPN қызметтерін бұғаттауды да ойластырып жатыр.

Осылайша Кир Стармер үкіметі Балалардың әл-ауқаты және мектептер туралы заңға түзету енгізбек. Бұл түзету министрлерге «Генрих VIII өкілеттіктерін» береді. Яғни заңға толық парламенттік немесе құқықтық бақылаусыз ауқымды өзгерістер енгізуге мүмкіндік жасайды.

Жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салған алғашқы ел – Аустралия. Ол жақтағы балалар TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты платформаларды еркін қолдана алмайды.

Енді дәл осындай шектеуді Францияда енгізбекші. Мұндай ұсыныстар Қазақстанда да айтылған. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, жұмыс тобы арнайы заң жобасымен жұмыс істеп жатыр.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: