АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Fox News телеарнасына сұхбат беріп, Украинаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Украина кез келген жағдайда аман қалмауы мүмкін, бірақ біздің Ресеймен қарым-қатынасымызда кейбір әлсіз тұстар бар. Келіcімге келу үшін екі жақта мүдделі болуы керек. Тыңдаңыздар, бұл соғыс болмауы тиіс еді, бірақ ол болды. Енді біз осы былықтың ортасында қалдық.
Зеленский мұны жасай алды. Ол – ақылды және қатал жігіт. Джо Байденнің кезінде ол АҚШ-тан ақшаны тура баланың қолынан кәмпит алғандай алып отырды. Бұл өте оңай болды. Менің ойымша, ол бізге ешқандай ризашылық білдірген жоқ. Біз оған 350 миллиард доллар бердік, ал Еуропа 100 миллиард доллар берді”,- деді Трамп.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!