Сәрсенбі, 19 наурыз, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

YouTube, X, TikTok, Instagram желілеріне шектеу қойылды

19.03.2025

96 0

Фото: Рixabay

Халықаралық интернет-мониторинг қызметі Түркияда YouTube, X, TikTok және Instagram-дағы шектеулер туралы хабарлады, деп жазады KAZINFORM ақпараттық агенттігі.

Түркия оппозициялық Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу ұсталған соң бірнеше әлеуметтік желіге кіруге шектеу қойды. Бұл туралы X желісінде NetBlocks халықаралық интернет-мониторинг қызметі хабарлады.

Оның мәліметінше, YouTube видеохостингі, X, TikTok, Instagram әлеуметтік желілеріне шектеу қойылған. Әзірге бұл туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.

NTV арнасының хабарлауынша, Ыстанбұл Бас прокуратурасы Имамоглу мен тағы 100-ден астам адамға қарсы сыбайлас жемқорлық, пара алу және лаңкестермен ынтымақтастық жасады деген айып тағып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: