Сейсенбі, 27 мамыр, 22:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Зеленский Путиннің ұсынысынан бас тартты

03.05.2025

68 0

фото: BAQ.KZ.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің 9 мамырға арналған үш күндік бітім ұсынысын қабылдамай, атысты 30 күнге тоқтатуды талап етті6 деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шартсыз атысты тоқтату – бұл америкалықтар ұсынған модель. Біз соны ұстанамыз. Осы күннен немесе басқа, тіпті ертерек күннен басталса жақсы болар еді. Иә, 30 күнге тоқтатып көрейік. Неге 30 күнге? Өйткені үш, бес немесе жеті күнде ештеңе шешілмейді, – деді Украина басшысы.

Сондай-ақ Зеленский 9 мамырда Мәскеуге келетін әлем лидерлерінің қауіпсіздігіне Украина кепілдік бермейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін Украина президенті Путин ұсынған бітімді «манипуляция жасау әрекеті» деп атап, Украина наурыз айында-ақ атысты толық тоқтату жөніндегі америкалық бастамамен келісіп қойғанын айтқан. Оның сөзінше, әскери қимылдарды тоқтату үшін 8 мамырды күтудің қажеті жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: