Ёнтама есімді шұбар мысық Жапониядағы Киси станциясы вокзалының бастығы болды. Оны 7 қаңтарда жұртшылыққа салтанатты түрде таныстырды. Тағайындау туралы ақпарат вокзалдың ресми сайтында жарияланды, – деп хабарлайды kursiv.media
Енді ол құрметті лауазымда жолаушылардың көтеріңкі көңіл-күйіне жауап береді. Сондай-ақ жолаушыларды қарсы алып, іс-шараларға қатысып, станцияда жайлы атмосфера орнатуы керек. Мысыққа мойын жібіне бекітілген жаңа мәртебесі көрсетілген медальон табыс етілді.
Ёнтамаға дейін бұл станцияда Нитама есімді мысық бастық болған, ол өткен жылдың қарашасында өлген.
Вокзалға жануарды бастық қылып тағайындау – 2007 жылы Тама есімді мысықтан басталған дәстүр. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер арқылы аймаққа 1,1 миллиард жапон иенін тартып, құлдырау алдында тұрған шағын теміржол желісін қалпына келтіруге көмектескен.
Бұған дейін Adidas мысық пен иттерге арналған жаңа күзгі топтамасын таныстырғанын жазған едік. Жинаққа логотиппен безендірілген желден қорғайтын жеңіл күртешелер, жылы жилеттер мен спорттық костюмдер кіреді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
