Сенбі, 27 желтоқсан, 20:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Жапониядағы жаппай жол апаты: 56 көлік соқтығысып, өрт шықты

27.12.2025

62 0

Фото: ашық дереккөз

Жапонияның Гумма префектурасы аумағында жаппай жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 56 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

РИА Новости агенттігі жазғандай, апат Канэцу автожолында, Минаками қаласы маңында түнгі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ауыр жүк көлігі жолда тайғанап, қозғалыссыз қалған. Оның артынан келе жатқан жеңіл автокөліктер бірінен соң бірі соқтығысып, соның салдарынан өрт шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, жолдың еңіс әрі бұрылысты бөлігінде болған апатты арттан келе жатқан жүргізушілер дер кезінде байқай алмаған. Осы себепті соқтығыс саны артқан.

Қазіргі уақытта аталған жол учаскесінде қозғалыс екі бағытта да толық тоқтатылған.

Жапон бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жол апаты салдарынан 1 адам қаза тауып, кемінде 26 адам жарақат алған. Оның ішінде 5 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Оқиға куәгерлерінің бірі жол жиегінде тұрған жеңіл көліктен алдымен түтін шығып, кейіннен от тұтанғанын айтқан.

— Жол төмен қарай түсетін бұрылыста орналасқан. Адамдар не болып жатқанын түсінбей, бірінен соң бірі соқтығысып жатты, — деді ол.

Апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: